Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен көңілдес бола алмаймын": Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі Владимир Рерих жайлы айтты

Белгілі журналист, бүгінде ҚР парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт ақтарыла сұхбат берді. Бұрынғы күйеуі, жалғыз ұлының әкесі Владимир Рерих туралы баяндады. Ұлын қалай өмірге әкелгенін айтты.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасыда айтылды.

Бұрынғы күйеуі, жалғыз ұлының әкесі Владимир Рерих туралы тележүргізуші былай деп пікір білдірді:

«Ол менің журналистикадағы ұстазым. Мен «Хабарда» жұмыс істегеніме 4 жылдай болған кез. Ол кісі бірінші болып сезімін білдірді. Мен қалай көңіл білдірем ол кісіге әйел басыммен? Ол кісі отбасылы. Ол кісінің маған көңілі, ниеті барын ұқтым. Бірақ бірден айттым. «Мен көңілдес болуға жарамаймын». Мен ондай қарым-қатынастарда нюанс бар дегенді түсінбеймін. Мен үшін не ақ, не қара болуы керек. Сонда ғана ол кісі басы босады. Содан кейін біз қосылдық. Алайда отбасымен мен үшін ажырасты деп ойламаймын. Өзі үшін ажырасты деп ойлаймын», - деді тележүргізуші. 

Алайда 15 жыл күтіп, балалы болған жұптың бақыты баянды болмады. Владимир Рерихпен қалай ажырасқанын Дана Нұржігіт өз сұхбатында айтып берді.



«Өйткені мен өзгердім, ол өзгерді, уақыт өзгерді. Біздің ортамыз өзгерді деп те айтуға болады. Иә, өйткені ол кезде мен балалы болдым ғой. Ол балалы келіншекке ажырасайын дегенді айтуға дәті бармады, өйткені Әлім тіпті кішкентай болды ол кезде. Мен өз еркіңде дедім, мүсәпір болғым келмейді, сұраушы болғым келмейді, өз күнімді өзім көре аламын дедім. Мен ешкімді қол жаюға, өзімнің өмірімді сондай жағдайға жеткізуге жол бермеймін. Ол жағынан мен өте намысты адаммын. Қалауың басқа адам болатын болса, бара ғой. Міне босаға, табалдырықты атта да, өміріңнің келесі кезеңіне өте бер дедім», - деді ол.

Ажырасу қашанда үлкен трагедия. Ажырасудан кейін ондай күйзеліске Дана Нұржігіт те тап болған. Алайда өмірдің барлық қиын кезінде Дана Нұржігіт «Алла денсаулық берсін, Алла кәсібімнен айырмасын» деп тілейтінін айтты.

«Ұлыма жүкті кезде 5 айлығында ақау барын білдік. Дәрігерлер бала су жұтып қойған деді. Өкпесі дұрыс емес деді. Сондықтан 8 айлығында жарып алуға тура келді. 23 күн бойы аппаратта жатты. Ота жасап, суын алды. Құбырмен сүт ішті. Өмірге келе сала сондай қиналысты көрді. Мен 23 күн бойы жыладым. Не емізе алмадым. Не бара алмадым. Ана болудың керемет екенін сонда сезіндім. Алайда өз ұлыңды құшақтай алмай, оны омырауыңа сала алмау - қасіреттің қасіреті екен. Солай күткен балам қазір тіреуім. Әкесімен араласады. Мен өзімді бақыттымын деп санаймын», - деді тележүргізуші. 

Талқылау