Дана Нұржігіт коронавирус жайлы: Үйде ауырмаған адам қалмады
Сенат депутаты, журналист Дана Нұржігіт жақындарының коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Сөзіне қарағанда, бұл отбасында ковидпен ауырмаған адам қалмаған, деп жазады Stan.kz.

"Індет өршіп, қайта қаһарына мінді. Сақ болыңыздар!
Әлім, анам, атамыз екі апта бойы ем қабылдап, ковидтің қақпанынан босап шықты. Енді біздің үйде ауырмаған адам қалмады.Бәріміз бір аунап тұрдық", – дейді депутат.
Дана Нұржігіт жолдасы екеуі коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Алайда дәрігерлер үйдің үлкендеріне жарты жылдан кейін алуға болады деген.
- Әнші Лидо коронавирус жұқтырды
- Елімізде коронавирус өршуде: Бір күнде 2800-ге жуық адам ауру жұқтырған
"Той-томалақты, жиындарды тоқтату керек! Біздің үйдің үлкендері енді түсінді-ау! Бір түнде ауруханаға 31 адам түскенде! Қанша айтқанымда, "Құдай сақтасынмен..." қайтаратын.
Маңдайға тимейінше сенбейтінімізді-ай осы!", – деп түйіндеді сөзін ол.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”