Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғар мен келіні Жібектің ажырасып кеткенін мәлімдеді
Жұлдызды әулеттің отанасы Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының әйелімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экспресс К” сайтына сілтеме жасап.

Заңғар мен Жібектің екі бөлек жүргені көпшілік арасында біраз талқыға түсті. Алайда ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты ешкім нақты мәлімдеме жасамаған болатын.
Instagram-да тікелей эфирде оқырмандарымен байланысқа шыққан Гүлзира Айдарбекова Заңғар мен Жібекке қатысты толассыз сұрақтарды елеусіз қалдыра алмады. Продюсер көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, соңғы нүктесін қойды.
“Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Дәм-тұзы жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады”, – деді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, Айдарбековтердің кенже ұлы Заңғар мен Жібек өткен жылдың наурыз айында шаңырақ көтеріп, дүркіретіп тойын өткізген болатын.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар