Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәлелсіз сөз – дәйексіз": Қарақат Әбілдина сыйлыққа таратқан көк орамалға қатысты пікір білдірді

тест
1 сұрақ
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
 
 
/
1
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Артық ақшаңыз бар ма?

Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
Нәтиже
 
Бөлісу
 
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
Нәтиже
 
Бөлісу
 
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
Нәтиже
 
Бөлісу
 
Интерактив: тест
Квиз: Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Танымал әнші Қарақат Әбілдина туған күнінде таратылған сыйлық көптің ашуын туғызды. Әнші де даулы мәселеге қатысты үнсіз қалмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Айта кетейік, әнші туған күнінде құрбыларына көк түсті орамал таратып, болашақта жеке кәсіп ашқысы келетінін айтқан еді. Оқырман қауым, “баласы өлген әйел көк орамал тартады” деп сынаған еді. Әнші желі қолданушыларын сабырға шақырып, басу айтты. 

“Мен көпшіліктің пікіріне мүлдем келіспеймін. Шариғатта, не болмаса қай кітапта жазыпты "Көк орамал тартуға болмайды" деп? Дәлелсіз сөз – дәйексіз. Мен де үлкен әулетте тәрбиеленіп, біраз нәрсені көрген қызбын. Осы жасыма дейін қаншама адаммен араластым. "Сен енді қайғы көрдің, енді сен көк орамал тағып жүр" дегенді естімеппін, көрмеппін. Одан кейін бұл менің сүйікті түсім”, – деп ақталды өнер иесі.



Сонымен қатар әнші өмірді күрделендірмей, жаманшылықтан аулақ болуға шақырды. 

“Мұндай жағдай болмаған. Алла-ай, беті аулақ, осындай әдемі түсті жамандықпен байланыстырып қоюды түсінбедім. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар. Өкпе-наз емес, достар. "Біреу деген екен, біреу депті" деп әрдеңеден бірдеңе іздеп, өмірді күрделендіріп, оны қорқынышты жағдайлармен байланыстыру дұрыс емес. Әрнәрседен әдемілік көре білейік. Жақсы ойда, жақсы пікірде болайық. Сонда өмір де сізге күліп қарайды, жолыңыз ашылады", – деп кеңес айтты әнші. 

Еске салайық, эстрада әншісі марқұм анасына арнап жазба жариялап, көпшілікті жылатқан еді. 

Талқылау