Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой неліктен вакцина сауда орталықтарында салынып жатқанын түсіндірді

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой не себепті вакцинациялау орталықтары ретінде сауда, ойын-сауық орталықтары таңдалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Халық жаппай жиналатын сауда орталықтарында тұрғындарды вакцинациялау - халықарлық тәжірибе. Мұндай екпе салдыру орындарында санитарлық нормалардың барлығын сақталғаны аса маңызды. Айтып отырғаным, арақашықтықтың сақталуы, бір орынға адамдардың жиналмауы, халықтың маска тағуы, вакцинациялау бөлімдерінде қажетті дәрілер бар қобдишаның болуы. Мамандар тиісті даярлықтан өтті. Айтылған ережелерді сақтау арқылы коронавирустың жаппай таралуының алдын алып, екпенің жеткілікті мөлшерде салынуын қамтамасыз етеді. Ал қазіргі уақытта біз сауда, ойын-сауық орталықтарында коронавирус жұқтырған науқас тіркеген жоқпыз", - деді Цой. 

Айта кетейік, елімізде 10 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакцинация басталған еді. 


"Қазақстандық екпеге көбірек сенемін": Алматыда QazVac вакцинасы салына бастады

Талқылау