Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматы сауда орталықтарында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Нұр-Сұлтанда "Mega Silk Way" сауда - ойын-сауық орталығында (СОО) коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Бұдан басқа, тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау алдын ала жазылу арқылы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, яғни емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амублаторияларда және т.б. орындарда жүзеге асырылады.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

"Бүгін тестілік режимде СОО қызметкерлерін вакцинациялай бастадық. Мұнда шамамен 100 адам бар. Вакцинациядан бұрын олардың бәрі дәрігерлердің міндетті медициналық тексеруінен өтті. Ал СОО-да бригадалар кезекшілік етеді. Вакцинацияға рұқсат берілгендер егіледі", — деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ, ол СОО-да қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қашан басталатынын қозғап өтті:

"Бүгін қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша СОО келушілер үшін жабық. Сол себепті дүйсенбіде СОО-да орналасқан егу орталығы тұрғындарымызды да, орталыққа келушілерді де вакцинациялай бастайды".

Қазіргі уақытта елордада вакциналардың жеткілікті мөлшері бар. Сәуір айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға 250 мыңнан астам доза келеді. Жалпы, әр апта сайын денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына "Спутник V" жаңа партиясы келіп түседі.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 26 мыңнан астам адам екпе алды.
Қажет болған жағдайда халықты вакцинациялау пунктері бірқатар СОО мен қонақүй кешендерінде ашылатын болады.

Сонымен қатар бүгін Алматыдағы "Мега" СОО желісінде вакцинация пункттері жұмысын бастады. Олар үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді: Розыбакиевадағы Mega Alma-Ata-да - 10:00-ден 20:00-ге дейін, Сейфуллиндегі MEGA Park-та - 9:00-ден 21:00-ге дейін.

Вакцинация алдын ала жазылусыз, тірі кезек тәртібімен жүргізіледі. Ниет білдірушінің жеке куәлігі болуы қажет.

Вакцина - тегін және ерікті. Айта кетейік, адам вакцина қабылдамаса да, сауда орталығына кіргізеді.

Вакцинацияны көшпелі егу бригадалары жүргізеді, оған дәрігер, екпе салатын медбике және вакцинация жүргізуге рұқсаты бар медициналық тіркеушілер кіреді.

Саоынатын вакцина - Sputnik V. Тоңазытқышта сақталатын, салқындатылған жүк көліктерінде әкелінген, барлығы стандарттарға сәйкес келеді. Пункттер СЭС және қалалық денсаулық сақтау бөлімінің барлық талаптарына сәйкес жабдықталған.

Жалпы алғанда, жаппай вакцинацияны ұйымдастыруға емханалар атынан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауапты екенін түсіну керек, ал сауда және ойын-сауық орталығы вакцинация пункттері үшін орын бөледі. Бұл Ресейде, Израильде, Ұлыбританияда қолданылатын және емханалардағы жүктемені азайтуға және вакцинациямен мүмкіндігінше көп адамды қамтуға мүмкіндік беретін тәжірибе.

Талқылау