Цой қай кезде төтенше жағдай орнатылуы мүмкін екенін айтты
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде қатаң карантин енгізу қарастырылмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда үкімет елде қатаң төтенше жағдай орнату туралы қарастырып жатқан жоқ. Бірақ ТЖ режимі мемлекет басшысының бұйрығымен енгізіледі. Шешімді мемлекеттік комиссия шығарады. Локдаун енгізудің басты себебі - мемлекеттегі эпидемиологиялық ахуалдың өршіп кетуі мен ауруханалардағы төсек-орынның 70%-ға толып, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсуі. Міне, осы кезде қатаң карантин орнатылады", - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі сауда орталықтарында жүргізіліп жатқан вакцинациялау үрдісі жайлы пікір білдірген еді.
Жастар арасында коронавирус өршіп барады: Алматыда 1 мамырдан бастап карантин күшейтілуі мүмкін
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар