COVID бойынша аймақ түсі жаңадан анықталады: Алматы қайта "жасыл" аймаққа өтті
Елімізде коронавирус бойынша аймақ түсі жаңашадан анықталады. Өйткені эпидемиялық ахуалды бағалау матрициасын есептеу көрсеткіштері қайта қаралған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан былай:
"Жасыл" аймақ: R репродуктив санына қарамастан төсек-орындарға 2 500 науқасқа дейін жатқызылған кезде; төсек-орындар 5000 науқасқа толғанға дейін және R репродуктив саны 1-ден аз болғанда.
"Сары" аймақ: төсек-орындарға 5000 науқасқа дейін толғанда және R 1-ден жоғары болса; төсек-орындарға 5000-нан 10000 науқасқа дейін жатқызылғанда және R 1-ден аз болғанда.
"Қызыл" аймақ: төсек-орындарда 5000 науқастан және R 1-ден жоғары болғанда; R-ге қарамастан 10 000-нан аса пациент жатқызылғанда.
Жаңа матрицаға сәйкес, бұған дейін "сары" аймақта болған Алматы қаласы қайтадан "жасыл" аймаққа өтті. Қазақстанның барлық өңірлері қауіпсіздіктің "жасыл" аймағында.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”