COVID-19-дан кейін тері аурулары асқынуы мүмкін – Дерматолог
Дерматолог, косметолог Ирина Котова коронавируспен ауырып шыққаннан кейін тері ауруларының күшейіп кететінін мәлімдеді. Маманның сөзінше, науқас белсенді түрде ем алып, вирустың немесе дәрілердің кесірінен интоксикация байқалса, теріде өзгерістер байқалуы мүмкін.

Дерматологтың айтуынша, бұл жағдайда көбінесе псориаз, жалпақ теміреткі мен себореялық дерматит пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ түрлі типтегі аллергиялық аурулар шығуы мүмкін. Қауіпті төмендету үшін маман детоксикациядан кейін ағзаны тазартып, қалпына келтіруге кеңес береді.
Сондай-ақ, дерматолог Алексей Семочкин коронавирустан кейінгі шаш түсуді тоқтатудың жолын айтты. Айтуынша, науқастардан мұндай шағымдар COVID-19-дан жазылып шыққаннан кейін 2-3 айдан кейін түседі. Дәрігер тері жағдайын жақсарту және шаштың түсуін тоқтату үшін автоплазмалы терапия қажет екенін айтады. Яғни науқастың өз қанын өзіне плазмалау керек.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін