COVID-19-бен ауруханаға түскен Тоқтар Әубәкіров сауығып шықты
Коронавируспен тамыз айында ауруханаға түскен қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров жазылып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Тоқтар Әубәкіров өткен аптада ауруханадан шығарылған. Ол қалалық жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдаған. Тұңғыш ғарышкерге COVID-19 вирусының орташа дәрежесі мен екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылды.
Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова Facebook парақшасында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына хат жолдап, Тоқтар Әубәкіровтың алтын күн бойы жедел-жәрдем күткенін мәлімдегені туралы жазылған болатын.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды