Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты күн бойы жедел-жәрдем күткен: Тоқтар Әубәкіров коронавируспен ауруханаға түсті

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавируспен ауырып қалды. Ол екі жақты пневмониямен Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Бұл туралы Президент Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист Жұмабике Жүнісова Facebook парақшасында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына хат жолдап, Тоқтар Әубәкіровтың алтын күн бойы жедел-жәрдем күткенін айтты. 

“Қазір үйде жатырмын. Ештеңе жазып берген жоқ. Тым болмаса қалай, немен емделу керектігін айтпады. Бірде-бір сұрағыма нақты жауап алған жоқпын. Баспасөз мәслихатын жинайтынымды айтқан кезде ғана реакция болды”, - деген оған ғарышкер. 

Президент Іс басқармасының медициналық орталығының мәліметінше, Әубәкіров 21 тамызда ауруханаға денсаулық жағдайын айтып жүгінген. Ол жөтел, тершеңдік және жалпы әлсіздік барын айтқан. Оның үйіне барған жедел жәрдем қызметкерлері ПТР-талдауына үлгі алған. Нәтиже оң болған.

Дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровке рецепт жазып, емдеу бойынша ұсыныстар берген.

"Науқастың айтуынша, алтыншы күні қатарынан ауырып, "Сумамед" препаратын өз бетінше қабылдаған. Медициналық көмек үшін ауруханаға жүгінбеген. 23 тамызда Президент Іс басқармасының медициналық орталығы госпиталінің жылжымалы бригадасының дәрігерлері үйде кеуде сегментінің томографиясын жасап, сынама нәтижесі бойынша оны Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуға жіберді. Науқас ауруханаға жатудан бас тартты", – делінген хабарламада.

24 тамызда таңертең дәрігерлер Тоқтар Әубәкіровпен сөйлесіп, оны жұқпалы аурулар орталығына баруға көндірген. Ол орташа ауыр дәрежедегі COVID-19 жұқтыру, екі жақты полисегменталь пневмония КT-1 диагнозымен ауруханаға жатқызылды. 

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, қазіргі таңда Әубәкіровтың дәрігерлердің бақылауында, емдеу тактикасына сәйкес барлық қажетті медициналық көмекті алып жатқанын жеткізді. Ғарышкерді президент іс басқармасы медициналық орталығының  ауруханасына қарайтын болады. 

Айта кетсек, Тоқтар Әубәкіров вакцинаның екі компонентін де салғызған болатын.

Талқылау