Салым көлемі жарты миллиард: Еліміздің бірнеше аймағында Chia Tai Tianging Pharmaceutical пирамидасына қатысты тергеу аяқталды
411 қазақстандық Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржылық пирамидасынан зардап шекті, деп мәлімдеді қаржылық мониторингі агенттігі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бұл ретте,"Chia Tai Tianging Pharmaceutical" жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген. Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.
- Шығысқазақстандықтар "Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical" пирамидасына 350 миллион теңгеден астам қаражат салған
- Ақтөбеде Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды
Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша "Chia Tai Tianging Pharmaceutical" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті аяқтап, сотқа жіберді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық