Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черногория билігі Дина Таңсәріні босатты

Черногория билігі “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәріні қамаудан босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

НеМолчи қорының парақшасы белсендінің босатылғанын хабарлады.

"Динаны босатты! Бостандыққа шықты! Черногория Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты! Баршаңызға көп рахмет! Дұғаларыңыз үшін, ыстық лебіздеріңіз үшін. Жеңілдегеннен жылап жатырмыз. Енді Динаның өзі байланысқа шығады", – делінген қор парақшасында.

15 сәуірде Черногория Жоғарғы соты оны экстрадициялау туралы өтінішті қарап, оны экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.



Ішкі істер министрлігі Дина Таңсәрінің Черногорияда жүргенін анықтап, Бас прокуратура оны осы елдің уәкілетті органдарына экстрадициялау туралы өтініш жіберген.

"Бүгінде Қазақстан мен Черногория арасында экстрадициялау туралы халықаралық шарт жоқ, осыған байланысты аталған шет мемлекет оны экстрадициялаудан бас тартты. Сот шешіміне қарамастан, Қазақстан құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастырады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәріге қатысты бірден алты қылмыстық іс қозғалған еді. Белсендіге іздеу жарияланған. 14 сәуірде Черногорияда Дина Таңсәрінің ұсталғаны айтылды. 

Талқылау