"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды
"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазба жариялады.
Дина Таңсәрі қамауға алынар алдында видеоүндеу жазып үлгерген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) және таңертеңге дейін сонда болады. Ертең таңертең оның экстрадициясына қатысты сот отырысы өтеді.
"Құқық қорғаушыларды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы байланысуға болады”, – делінген жазбада.
Айта кетейік, “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәріге қатысты бірден алты қылмыстық іс қозғалған еді. Белсендіге іздеу жарияланған.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады