Төрт қазақстандық TikTok-та казино ұйымдастырып, 95 миллион теңге тапқан
Жетісу облысында төрт адам TikTok-та тікелей эфир арқылы заңсыз карта ойындарын ұйымдастырып, 95 миллион теңге табыс тапқан. Олардың бірі қылмыс жасалған кезде кәмелет жасына толмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында облыстың төрт тұрғынының заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны анықталды. Олар ойындарды TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлер арқылы өткізген.

Прокуратура мәліметінше, олар бұл әрекеттен 95 миллион теңге көлемінде заңсыз табыс алған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 307-бабының 3-бөлігі (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркелген. Сот үкімімен төрт адам да кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға сотталған.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар 223 су жаңа iPhone 18-ді елге заңсыз алып кірмек болғаны туралы жазған едік.
Қызылордада дәрігерлер әйелге кесарь тілігін жасаған кезде қуығын тесіп алған: Ол бес ай бойы жөргек киіп жүр
Қазір отбасы әйелді Алматыға емделуге жіберуге дайындалып жатыр
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған