AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чернобыль апатының ардагерлері Қазақстандағы АЭС құрылысына қарсы шықты

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың алдын алғандар Қазақстандағы АЭС құрылысына қарсы шықты. Ардагерлер мұндай құрылым төтенше жағдай орын алған уақытта елге үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді. Алайда бұл пікірмен барлығы бірдей келіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

ветераны чернобыль

Берік Сыдықов Чернобыльдегі апат салдарын жоюға жіберілген кезде 18 жаста болған. Беріктің радиация алуы оның денсаулығына қатты әсер етті. 

"Менің онда барғаныма өкінетін кездерім болады. Бұл менің денсаулығыммен қоса өмірімді де құртты. Бірақ мен міндетімді орындадым. Чернобыльде біз өмір тоқтап қалғандай әсер беретін қорқынышты жағдайды көрдік. Радиацияның әсерінен қаншама әріптестерім баласыз қалды! Осылардың бәрін ойласаң көңіл күйің түсіп кетеді", – дейді Чернобыль ардагері Берік Сыдықов. 

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшыларға арналған ескерткіштің басына басқа да ардагерлер жиналған. Олардың барлығын бүгінде бір мақсат біріктірді ол – Қазақстанда АЭС құрылысына қарсылық білдіру. Олар басқа да энергия көздерін іздеу қажеттігін айтады. Бұл жолы наразы топты Ауған соғысының ардагерлері де қолдайды.

"Біз АЭС жарылысының салдары неге әкеліп соғатынын білдік және көрдік. Еліміздегі АЭС құрылысы Қазақстанның онсыз да саны аз халқы үшін тағы бір үлкен қауіп. Ол жаққа Қазақстаннан 33 мыңға жуық адам жіберілді, оның 4 мыңға жуығы қазір елде тұрып жатыр. Бұл сол кезде Чернобыльде қызмет еткен жастардың 90% қайтыс болғанын білдіреді", – деп қосты Алматы қаласының "Чернобыль ардагерлері" ұйымының төрағасы Камал Панжазов.



Энергетик Петр Своик болса Қазақстанда электр энергетикасы саласын дамыту мәселесін шешу керек дейді. Әйтпесе, 2030 жылға қарай 20 пайыздық тапшылық болатынын айтады ол. Біздің республикамыз атмосфераға бөлінетін заттарды азайту бойынша Париж келісіміне отырғанын ескерсек, көмір станциялары бұл мәселені шешуге жарамайды. Жел диірмендерін қолдануға болады, бірақ олар тым қымбатқа түседі. Сондықтан барлық нұсқалардың ішіндегі ең қолжетімдісі - атом электр стансасы, деп есептейді энергетик.

"Егер біз АЭС салмасақ басқа ешнәрсе тұрғыза алмаймыз. "А" нұсқасы бойынша, жарықтарды бір уақытта бір жерлерде ажырата тұрамыз. Кешкі уақытта барлығына электр энергиясын пайдалануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Қазір жасап отырғанымыздай Ресейден сатып алуымызға болады. Өзбектерден де алуға болады, бірақ олар АЭС тұрғызып жатыр. Қалай болғанда да бір жолды таңдау керек, ал ол қандай жол екені келесі сұрақ", - дейді энергетик Петр Своик.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында түрлі нұсқалар талданып жатқанын айтты. Экономикалық және техникалық көрсеткіштерді зерттеу нәтижелері бойынша АЭС құрылысының қажеттілігі туралы мәселе қаралатын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр