ChatGPT-дің көмегімен емделмек болған қазақстандық ауруын асқындырып алған

Шымкентте ChatGPT-дің көмегімен емделмек болған 34 жастағы ер адам ауруын асқындырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atameken Business арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов жасанды интеллект адам өміріне қауіпті ем жүргізгенін атап өтті. Дәрігердің айтуынша, науқас жасанды интеллектке сараптама нәтижелерін жүктеп, 1 ай бойы ем қабылдаған.
Қазақстандықтар енді “жасанды интеллект - терапевтке” қарала алады
“Жақында маған 34 жастағы науқас келді. Қолында барлық анализдері бар. Бауыр циррозымен ауырады екен. ChatGPT-ге ауруханадар алған барлық қағаздарын жүктеген, ал ол бұған ем жазып берген. Ер адам сол емді бір ай бойы қабылдаған. Біз қарап шығып, олай емделуге болмайды, мүлде дұрыс емес. Тіпті, денсаулығына қауіпті ем қабылдағанын ер адамға әрең түсіндірдік. Қазір осы жасанды интеллектпен емделіп жүрген қаншама науқастар болуы мүмкін. Осы бізді алаңдатып отыр”, – дейді дәрігер Бақытжан Позилов.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс барысында ChatGPT-ді қолдануға рұқсат берілген еді.
"30 қызметкерге 19 миллион теңге қарыз": Астанада BITANGA мейрамханасының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр
Қызметкер: "Ал Алматыдағы BITANGA қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр"
Қазақстандық әйел ер адамды танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды деп айыптады
Караоке басшысы әйелдің айыптауларын жоққа шығарды