Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі – 33 жыл сенімділік!

19 қыркүйекте ЦентрКредит Банкіне 33 жыл толды. ЦКБ – Қазақстанның барлық аумағы бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін, еліміздің бұрыннан келе жатқан қаржы институттарының бірі. Банктің Туған күнінде ЦКБ Басқарма nөрағасы Ғалым Хұсаинов клиенттер мен серіктестерге үндеу жолдады.

Құрметті достар, клиенттер, серіктестер! 

ЦентрКредит Банкінің Туған күнінде ВСС командасының атынан 33 жыл бойы бізге мүлтіксіз сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Банктің атауында ("кредит" латынша - сенім) ЦКБ-нің негізгі миссиясы бастан-ақ қаланған –  еліміздің азаматтары үшін сенім орталығы және қаржылық тірек болу. 33 – бұл көптеген сынақтарды сәтті өткерген, сенімді қызмет етуді және ҚР қаржы нарығында өз позициясын нығайтуды жалғастырып жатқан, қалыптасқан банктің жасы.

Сонымен қатар 33 – бұл күш пен жиналған тәжірибе бірегей өнімдер мен сервистерді әзірлеуге мүмкіндік беретін, энергиялық кемелдену кезеңі. ЦентрКредит Банкі өзгеріс дәуірінде құрылды, ол кезде советтік қаржы жүйесі уақыт талаптарына жауап бермейтін, ал қазақстандық жүйе енді қалыптасып жатты. Сондай-ақ алғашқы жол салушылардың романтикасы әлі күнге дейін басшыларымыз бен банктің негізін қалаушылардың жүректерінде сақталған. Осы уақыт бойы біз Қазақстанмен бірге дамып, өсіп-өндік, сонымен қатар еліміздің банк саласын қалыптастыруға белсенді атсалыстық.

Қазір ЦентрКредит Банкі – прогрессивті және өршіл топ-менеджерлері бар заманауи, технологиялы қаржы институты. Біздің басты мақсатымыз – клиенттерімізге күнделікті қолданатын сенімді әрі қолайлы қаржы құралдары болып кеткен қарапайым әрі ыңғайлы өнімдерді ұсыну. Қазір біздің клиенттеріміз – 2 000 000-нан астам жеке тұлға және 100 000-нан астам ұйым!
Біздің қатысуымызбен қазақстандықтарды жүз мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз еткен және еліміздің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан көптеген кәсіпорындардың құрылғанын және іске қосылғанын мақтан тұтамыз. Банк отандық кәсіпкерлерді үнемі қолдайтын және қолдап келеді. Біз клиенттеріміздің жетістіктеріне шын жүректен қуаныштымыз және жаңа жобаларды іске асыруға қатысуға әрдайым дайынбыз. Бизнеспен сәтті жұмыс істеудің арқасында тұрақты әрі сенімді серіктес мәртебесіне ие болдық. Сараптамалық қауымдастық бірнеше рет Банкті Қазақстандағы ШОБ үшін ең үздік банк деп таныды.

Бізді тек бизнеске арналған Банк деп айту – біржақты ұғым. Бөлшекті бағыт – біз үшін басым бағыттардың бірі. Біз жеке тұлғаларға арналған жаңа өнімдерді әзірлеуге үлкен ықыласпен және махаббатпен қараймыз. Олардың қызметіне керемет карталарды, депозиттерді, кредиттерді, бағалы металдармен жүргізілетін операцияларды және сүйікті клиенттеріміз үшін үздік және қолжетімді талаптармен басқа да көптеген өнімдерімізді ұсынамыз! Біз клиенттеріміздің әр санатына арналған бірегей өніміміздің болуын қалаймыз. Құрметті зейнеткерлеріміз азық-түлік пен дәрілер сатып алған кезде тұрақты түрде кэшбэк түсетін ҮлкенгеҚұрмет картамызды бағалап үлгерді. Junior Bank қосымшасы мен солай аталатын карточкамыз қазақстандық балалардың сүйікті өнімдеріне айналды, олардың көмегімен балалар өздерінің алғашқы қаржылық операцияларын жүргізді. Дәулетті адамдар күн сайын IronCard – Қазақстандағы приемиум санатындағы алғашқы металл картаны пайдаланады.

Дәрігерлер мен әскерилерге арналған арнайы өнімдеріміз бар. Біз ең үздік ипотекалық банкпіз, көптеген марапаттарымыз бұған дәлел болып табылады, ең маңыздысы – ЦКБ-мен бірге қоныстой тойлаған ондаған мың отбасы. Біздің бірегей мобильді қосымшаларымыз бір миллионнан астам клиентке ЦКБ бөлімшелеріне келмей-ақ, 100%-ға жуық банктік қызметті пайдалануға мүмкіндік береді, бұл қазіргі кезде өте маңызды. Цифрлық технологияларды уақытылы ендірудің арқасында, карантин кезінде клиенттеріміз қолдаусыз қалмады және үйден шықпай-ақ қаржылық операцияларды жүргізуді жалғастырды.

Қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік мәселесі жанымызға жақын, мүмкіндігімізге қарай мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын созуға әзірміз. Туған күнімізге орай "33 қайырымды іс" акциясын іске қосамыз, оның аясында еліміздің көлемінде игі істер жасауды жалғастырамыз.

Өмірін жарқын әрі жайлы ету үшін біздің сервистерді пайдаланатын, өз қаражатын бізге сеніп тапсырған, бізде кредит ресімдеген клиенттерімізге тағы да алғысымды білдіргім келеді. Біз міндетті түрде сіздерді жаңа өнімдерімізбен және қызметтерімізбен қуантуды жалғастырамыз және әрдайым ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінде күтеміз.
Сенімдеріңіз үшін рақмет!

 

Талқылау