Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов сенат сауалында осындай мәлімдеме жасады. 

Бүгінде Салық кодексінде Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдеріне кіріс деп танумен 10% жеке табыс салығы (ЖТС) салынады. Үкімет мәселенің әлеуметтік маңызын ескере отырып, бұл төлемдерді жеке табыс салығынан босату арқылы тәсілдемені өзгерту туралы шешім қабылдады.

“Мәселенің әлеуметтік маңызын, сондай-ақ шегерімдер мен жеңілдіктер бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығын төлеуден босату ұсынылады. Жеке табыс салығы бойынша шығын көлемі 4,1 миллиард теңгеге тең”, – дейді Олжас Бектенов.



Жеңілдікпен тек Қазақстанда тұратын алушыларға қолдана алады. Шетелге шығатын азаматтар мен Бірыңғай зейнетақы қорының мұрагерлері жеке табыс салығын төлейді.

Депутаттар да Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінен туындайтын жеке табыс салығын есепке ала отырып түзетілуге тиіс деп санайды. Олардың айтуынша, бұл зейнетақының ең төменгі деңгейге дейін қысқаруына әкеліп соғады. Сәйкесінше, бұл әлеуметтік наразылық тудыруы мүмкін.

Бұған дейін елімізде бірыңғай зейнетақы қорының ақшасына тұрғын үйлерді 90 жылға жалға беру ұсынылған еді. 

Талқылау