"Шығын 315 млн теңге": Қарағанды облысында ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркеген (видео)
Қарағанды облысында бір топ Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері 30-дан астам жүк көлігін бастапқы тіркеуден заңсыз өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдіктілер көліктерді бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша жалған деректерді енгізген. Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.
“Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлем түспеген. Күдікті ретінде мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды. Сот оларды "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – деп мәлімеді Қаржы мониторингі агенттігі.
Сондай-ақ күдіктілердің мүлкіне 42 миллион теңгеге тыйым салынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Атырауда қалалық емхананың бас есепшісі бюджеттің 573 миллион теңгесін жымқырғаны туралы жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
