Бұрынғы сүйіктісінен ұрлап, жаңа ғашығына сыйлаған: Астанада Instagram арқылы бір қылмыстың беті ашылды
Instagram желісіндегі жазба Астана тұрғынының ұрланған затын табуға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Moyens.net
Полицияның мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Астана тұрғынын анықтады. Күдікті бұрынғы сүйіктісінің сенімін пайдаланып, үйінде болған кезде құны 200 мың теңге тұратын “Pandora" білезігін ұрлап кеткен.
Жәбірленуші білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін, жігіттің жаңа сүйіктісінің Instagram желісінде жариялаған фотосынан өз бұйымын көргенде бір-ақ байқаған. Жәбірленуші фотодағы білезіктің өзінікі екеніне көз жеткізген соң бірден полицияға хабарласқан.
Күдікті өз қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті заңды иесіне қайтарды.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын