Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлікке қамап қойып ұрып-соқты": Түркістан облысының тұрғыны бұрынғы әйелін аяусыз ұрып тастады

Түркістан облысы Леңгір қаласының тұрғыны бұрынғы жолдасынан соққы алып, ауруханаға түсті. Туыстары жәбірленушінің өмірі үшін алаңдап отыр. НеМолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі бұл оқиғаға полиция назар аударғанын қалайды.

"Тағы да бұрынғы әйелін ұрып-соғу мәселесі. Әйелді мемлекет қорғамайды, тағы полиция бұрынғы күйеуін қылмыскер деп санамайды, өйткені бұл тек тұрмыыстық сипатта деп қарайды.

Шымкент қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша іс қозғауға не кедергі, бұл бірінші рет емес пе? Неліктен бала осындай ортада өсуі керек? Неліктен әйел өз өмірінен қорқуы керек?
Ол бұрынғы күйеуіне тиесілі болғандықтан ба? Бұл қашан аяқталады?", - деп жазды Дина Таңсәрі

"2021 жылдың 15 мамыры күні әпкем мен оның бір жасар ұлы баланың әкесімен кездесті (әкесі ұлын аптасына екі рет көреді, олар ажырасып кеткен). Олар саябаққа көлікте отырған. Бұрынғы күйеуі көлік  есіктерін жауып тастап, әпкемді ұра бастапты. Басынан ұрып, шашынан сүйреген. Бетінен аяқпен тепкен. Мұның бәрің бір жасар ұлының көз алдында болды. Куәгерлер жедел жәрдем шақырды. Әпкемді жедел жәрдем алып кетті. Оған гематома, ми шайқалуы, денесінде тістелген із бар деген диагнозы қойылды.


Әкесі 3 жасар қызын қайнаған ыстық суда отыруға мәжбүрлеген


Полиция келіп арызды қабылдады, бірақ оған қылмыстық іс қозғалмайтындығы туралы ескертілді, себебі бұның тұрмыстық сипатта екенін айтты. Біз енді кінәлі адам жазасыз қала ма деп қорқамыз. Олардың ешқайсысы кешірім сұрауға келген жоқ. Бұл бірінші рет емес, оған дейін ол әпкеме пышақ ала жүгірген. Бірақ ол қашып үлгерді. Осыдан кейін олар ажырасып кетті. Біз бұны көпшілікке жария еткіміз келеді, себебі әпкемді бір күні өлтіре ме деп қорқамыз", - деді жәбірленушінің туысы.

Жәбірленушінің өзі қазір ауруханада жатыр. Оқиғаға қатысты  Түркістан облысы бойынша полиция басқармасы жауап берді.

"15 мамырда Төлеби аудандық ауруханадан дене жарақатын алған жас әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама келді. Тексеру барысында бұрынғы ерлі-зайыптылардың, Шымкент қаласының тұрғыны мен Төлеби ауданының тұрғынының арасында жанжал болып, олар бір-біріне дене жарақатын салғаны анықталды. Әйел емделу үшін ауруханада жатыр. Ер адамға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген хабарламада.

Тергеу ісі Түркістан облысы бойынша полиция басқармасы басшысының ерекше бақылауында.

Талқылау