Әкесі 3 жасар қызын қайнаған ыстық суда отыруға мәжбүрлеген
Ливияның Адждабия қаласында үш жасар қызды әкесі бір сағаттан астам уақыт қайнаған суға отыруға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам осылайша баланың диареясын емдегісі келген.
Алдымен әкесі баланы арқанмен ұрып, содан кейін оны ваннаға қайнаған суға отыруға мәжбүрледі.
Қыз бала ауруханаға түсті, бірақ оның денесінің көп бөлігі күйіп қалғандықтан мерт болды. Ер адам үш жасар қыз баланың қайнаған суды абайсызда үстіне құйып алғанын айтты.
Құқық қорғау органдары марқұм қыздың әкесі есірткіге тәуелді болған деп мәлімдеді. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңаөзенде анасы аяусыз ұрып тастаған жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды