Бұрын халық әкімді іздейтін, қазір депутаттан сұрайды – Ерлан Қошанов
Қазір аймақтарда депутаттарға артылған жүк ауыр. Егер бұрын халық әкімді іздесе, қазір депутаттарға жүгінеді. Бұл туралы "AMANAT" партиясының Төарағасы Ерлан Қошанов мәслихат депутаттарының республикалық форумында айтты.

"Депутаттардың бел шешіп жұмысқа кірісетін шағы келді. Бұл, әсіресе, мәслихат депутаттарына қатысты. Сіздер – партияның жергілікті жердегі өкілісіздер. Бүкіл өңірлік саясатқа ықпал етесіздер. Сіздердің мойындарыңыздағы жүк жеңіл емес. Бұрын халық әкімді іздейтін, қазір депутаттан сұрайды. Не жағдай болса да, "AMANAT" қайда?" дейді. Оны өздеріңіз де сезініп жатқан шығарсыздар. Біз осы сынаққа дайынбыз" - деді ол өз сөзінде.

Шарада сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мақсаттарға қол жеткізуге қажет ресурстардың барлығы бар екенін алға тартты.
"Мемлекет басшысының Сайлауалды тұғырнамасын және "AMANAT" партиясының бағдарламасын іске асыру – Үкімет жұмысының негізі. Осы бағдарламалық құжаттарды тиімді іске асыру халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Алдымыздағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстардың барлығы бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізу мәслихаттардың да белсенді қатысуын талап етеді" - деді ол.

Сондай-ақ, партияның Сайлауалды бағдарламасында біз ауылға баратын жас медицина қызметкерлері үшін 10 миллион теңге көтерме ақы төлеу міндетін қойған едік. Ол да орындалу үстінде. Бұдан бөлек, халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салып отырмыз" - деді Ерлан Қошанов.

Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады