Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұралқы иттерді қадағаламаған шенеуніктерді жауапқа тарту керек - Депутат

Санын шұғыл азайтуды қажет ететін дәл қазір — қаңғыбас иттер. Бүгін мәжілісмендер бұралқы иттердің көшеде жайбарақат жүруін қадағаламаған шенеуніктерді жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

иттер

Депутат Сергей Симоновтың айтуынша, “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң бола тұра, оны жүзеге асыру мен қаржы мәселесінің әлі шешілмеген.

"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң күшіне енген кейінгі соңғы үш жарым айда бірнеше бала өліп, ауыр жарақат алды. Депутаттардың өңірлерге сапары кезінде тұрғындардан және жергілікті атқарушы органдардан иттер мәселесіне, қабылданған Заңды жүзеге асыру тетігінің жоқтығына қатысты шағымдар түсті. Біз Заң күшіне енбей тұрып дабыл қаға бастадық. Жүзеге асыру механизмдері мен тиісті қаржыландыру болмаған жағдайда проблемалардың туындайтыны бәріне белгілі", – деді Мәжіліс депутаты Сергей Симонов. 



Мәжілісмен қаңғыбас иттер мәселесіне байланысты экология, ауыл шаруашылығы министрліктеріне сауалдар жолдаған. Алайда мардымды жауап ала алмапты. Енді Симонов үкімет басшысынан үміт күтеді. Қазақстандықтар балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрған мәселе шұғыл шешілсе дейді. Өйткені өткен аптада Ақтөбеде иттерге таланып, көз жұмған 12 жастағы баланың оқиғасы қайталанады деп қорқады. 

Мәжілісменнің ұсынысы бойынша, жануарларға қатысты заңды жүзеге асыру үшін құқықтық актілерді тезірек қабылдап, ондағы талаптарды орындау бойынша шаралар әзірлеу керек. Сондай-ақ бұралқы иттерді аулауға қаражат бөлу, ал оларға бас-көз болмаған шенеуніктер жауапқа тартылуы тиіс. Еске салайық, биыл наурыз айынан бастап Қазақстанда иесіз жүрген иттерді атуға, қинауға, мейірімсіздікпен аулауға тыйым салынған.

Талқылау