Қала орталығында жүре алмайды: Алматыда ауыр жүк көліктеріне жаңа шектеу енгізіледі

Алматыда 25 шілдеден бастап ауыр жүк көліктеріне қаланың орталық бөлігіндегі бірқатар көшемен жүруіге уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа тәртіпке сәйкес, білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін арнайы аумақта жүруге тыйым салынады.
ОқыңызЖол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы қазір қалада жаңа жол белгілерін орнату жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Шектеу Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) – Рысқұлов даңғылы аралығындағы аумақта қолданылады.
Жол белгілерін орнату жұмыстары 24 шілдеге дейін аяқталады. Ал 25 шілдеде ұйымдастыру шаралары аяқталған соң жаңа шектеулер күшіне енеді.
Жоба Алматы қаласы олиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асып жатыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл шара жолдағы кептелісті азайтуға, негізгі магистральдардағы көлік жүктемесін төмендетуге, жол қауіпсіздігін арттыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.
Осыған байланысты жүк көліктерінің жүргізушілеріне қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жаңа жол белгілерінің талаптарын және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауға кеңес берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда салмақ бақылауынан қашпақ болған жүк көліктерін жүргізушілері миллиондаған айыппұл алғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты