AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қаңғыбас иттер баланы талап тастаған: Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде иттер талап тастады деген жасөспірімнің өзіліне қатысты “Адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбедегі Есет батыр ауданындағы №3 ықшамаудандағы салынып жатқан нысандардың бірінің аумағынан 12 жастағы жасөспірімнің денесі табылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл терминнің өзі сізге бірдеңені айтып тұрған шығар. Қазір баланың өлімінің неден болғаны, оның осы оқиғаға тап болуына ықпал еткен түрлі нұсқалар әзірленуде. Аумаққа бөтен адам кіре алмайды, ит баланы қоршаудан сүйреп өте алатын ба еді деген сияқты әртүрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Көптеген факторлар анықталды. Бұл іспен тергеу айналысып жатыр. Тергеудің жұмысына араласқым келмейді”, - деді Оразалин.



Сонымен қатар, әкім жануарларды аулау мәселесімен айналысқан мемлекеттік қызметкерлердің кінәсінің дәрежесі қылмыстық іс аясында қаралатынын айтты. 

Қаңғыбас жануарларды аулап, зарарсыздандыруға Ақтөбе облысының бюджетінен 42 миллион теңге бөлінді. Алайда әкімдік бұл қаражатты қазір игере алмайды - жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның жаңа ережелері шілде айынан бастап күшіне енеді. 

"Ереже бойынша жұмыс жасалмағаны анық. Бұл біздің кемшілігіміз. Егер біз өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойсақ, бұл мәселе біржақты болар еді. Енді жаңа заңның енгізілуіне байланысты бұл жұмыс тоқтатылды. Тағы да айтамын, мен өзімнің кінәмді жоққа шығармаймын, бұл фактор бойынша жұмыстың жаңа принциптеріне сай жұмыс жасаған жоқпыз. Жануарларды ұстау, зарарсыздандыру және чиптеу толық жүргізілмеді", - деп түсіндірді облыс әкімі.

Еске салсақ, Ақтөбеде итке таланған 12 жастағы баланың денесі табылды. Ұл баланың мәйітін қаладағы Есет батыр тұрғын үй алабынан полицейлер анықтаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр