Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қаңғыбас иттердің шабуылынан көз жұмған баланың өліміне өзін кінәлі сезінетінін айтты
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов қаңғыбас иттер талап, көз жұмған таланың өліміне өзін кінәлі сезінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

9 маусым күні құрылыс алаңында қаңғыбас иттер талап, көптеген жарақат алған 12 жасар баланың денесі табылды.
"2 наурызда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Оның күшіне енуі үшін иттер мен мысықтарды асырау туралы заңға тәуелді актілер қажет. Актілер тіркелген бірақ олар 60 күннен кейін күшіне енеді. Яғни 18 шілдеден кейін ұсталған иттерді асырағысы келетіндер арасында жарыс өтеді", - деп түсіндірді Жақсығали Иманқұлов.
Шенеунік болған оқиғаға жауапкершілікті сезінетінін айтып, оң жауап берді. Ол егер жұмыс дұрыс атқарылмаған болса, қызметтен кетуге де дайын екенін жеткізді.
Ақтөбеде 25 мамыр мен 10 маусым аралығында 274 ит жойылды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”