AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетінде және денесінде терең тыртықтар қалған": Алматы облысында алабай шабуылдаған жеті жасар қыз ауруханадан шықты

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында алабайдың шабуылына ұшыраған жеті жасар қыз бүгін ауруханадан шықты. Бала ауыр жарақат алып, беті мен денесінің терісі сыпырылған. Полицейлер асыл тұқымды иттердің иелерін анықтап, тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі “Алматы” арнасына сілтеме жасап. 

Қыз қазір дәрігерлердің бақылауында болады. 

Сол күні балалар көршінің үйіне жеткенше жүгіріп ойнап жүрген. Қақпаның арғы жағынан екі алабай секіріп шығып оларға қарай шабуыл жасаған. Артынша сіңлісін қорғаған 7 жасар Мәдина көптеген дене жарақаттарын алды. 

"Әпкем мені зұлым иттерден қорғады. Мен оны қатты жақсы көремін және күн сайын оның үйге келуін асыға күтемін. Мен онымен қайта ойнағым келеді",  – дейді сіңлісі Ясина Тұрсын.

Қыздың ағасының айтуынша иттер қақпаларын ашық қалдырған көршілерінікі. Сол жерден екі агрессивті алабай жүгіріп шығып, кішкентай Мәдинаға тіс қайраған.

"Мен Мадинаны өз қызымдай өсірдім. Әкесі өз отбасын тастап кетті. Ол сондай күшті қыз. Әжесі оқиға кезінде жүгіріп шығып қатты қорқып кетті. Сол кезде Мадина мүлде ауырмайды, жылама, деп оны жұбатты. Иттердің иелері болса қалталарының қалыңдғына қарамастан оның сауығып кетуіне және бетіндегі тыртықтарды кетіру үшін ота жасатуға көмектескісі келмейді. Керісінше бізді арыз жазып, ар-намысына нұқсан келтірді деп айыптауда", – дейді ағасы Берік Юлдашев.



Куәгерлердің айтуынша иттер қыздың терісін сүйегіне дейін терең жарақаттаған. Қыздың бетіне және денесінің басқа бөліктеріне бірнеше тігіс салынған. 

"Менің немерем кішкентай сіңлісін осы иттерден қорғап, ерлік көрсетті. Қазір бетіндегі тыртықтан ұялады. Кішкентай аруымыз  айнаға қорқып қармауы үшін пластикалық ота жасатып, бәрін жөндейміз деп үміттенемін", – деп бөлісті әжесі Мейрамкүл Юлдашева.

"Бесінші емханаға және оның дәрігерлеріне мың алғыс. Менің қызым әрқашан дәрігер болуды армандаған. Олар оған нағыз үлгі болды. Қандай жағдай болмасын, қызым мен үшін ең сұлу болып қала береді. Осы тыртықтарды жою үшін біз бәрін жасаймыз. Және кінәлілерді жазалауды талап етеміз!" – деді Жансая Тұрсынның анасы.

Облыстық полиция департаменті ит иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Талғар ауданының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 144-бабының 3-бөлігі абайсызда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс жүзінде барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – деді облыстық ДП ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Тұздыбасу ауылдық округінің әкімдігі кішкентай қыздың отбасына моральдық және материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр