AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Терісі түсіп, еті көрініп тұрды": Қарағанды тұрғыны автобус орындығына отырып, күйіп қалған

18 жастағы Қарағанды тұрғыны автобус орындығына отырған соң ІІІ дәрежедегі күйік алған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Жігіттің анасы орындыққа химиялық сұйықтық төгілгенін айтады. Ал баласы мұны байқамаған. Алайда автопарк өздерінің кінәсіз екенін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

орындық

Айман Нұмағанованың ұлы бірнеше кұн бұрын №40 автобусқа мініп, бос орынға отырған. Бірақ орындықтың дымқыл екенін байқап, кондукторға ескерткен. Әйелдің сөзінше, жігіт жолда сұйықтық тиген жерлердің аши бастағанын сезген, әрі орындыққа ешкімнің отырмауын айтқан. 

"Үйге келіп киімін шешкенде терісі бірге түсіп қалды. Еті көрініп тұрды! Демек автобусқа кірген жолаушы орындыққа отыруға қорқуы керек пе? Себебі ол жерге кімнің не төгіп кеткені белгісіз. Ал сол орындыққа кішкентай бала отырса ше", – деді зардап шеккен жігіттің анасы Айман Нұрмағанова. 

Болған оқиғадан кейін ол автобус паркіне хабарласып, жүргізушінің нөмірін алыпты. Келесі қоңырау шалған. Бірақ жүргізуші әйелдің шағымынан кейін дауыс көтеріп, әр орындықты бақылап отыруға міндетті емес екенін айтыпты. Ал парк директоры бұл туралы жақында білгенін мәлімдеген. 

"Автобуста ешқандай химиялық зат жоқ. Егер бұл техникалық сұйықтық немесе қандай да бір қышқыл болса, орындық бүлінетін еді. Мұнда істің мән-жайын анықтау керек. Әр істі соңына дейін жеткізу қажет. Егер біз кінәлі болсақ, жауап береміз", – деді Қарағанды №3 автопаркінің директоры Артур Григорян. 

Жолаушылардың автобусқа мінгенде немесе түскенде жарақат алу деректері жиі тіркеледі екен. 

"Мұндай жағдайда деректі полиция шақырып, арыз жазу арқылы тіркеу керек. Автобустың мемлекеттік нөмірін, уақыты мен күнін көрсеткен жөн. Нәтижесінде полиция тергеу тағайындайды. Егер жеткізу қызметі кінәлі болса, сот негізінде өтемақы төленеді. Себебі тасымалдаушының жолаушыны сақтандыру туралы келісім бар", – деді Қарағанды көлік жолы және жолаушылар транспорты бөлімінің бас маманы Темірлан Талдыбаев.

Дәрігерлердің айтуынша, жігіт екі жамбасынан да химиялық күйік алған. Қазір ол емделіп жатыр. Айман Нұрмағанова полицияға арыз түсіріп, куәгерлерді іздестіруде. Автопарк те тергеу бастап кеткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр