Сауд Арабиясының ханзадасының мәйіті Лондондағы элиталы қонақ үйден табылды

Сауд Арабиясы королінің алыс туысы, 29 жастағы ханзада Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Джалави Әл Сауд Ұлыбританиядағы Кенсингтон ауданындағы Marriott қонақ үйінен өлі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жігіттің мәйіті 2025 жылы 25 қарашада қонақ үйдің жуынатын бөлмесінен табылған. Алайда бұл ақпаратты БАҚ тек күні кеше ғана жария етті.
Басылымның мәліметінше, марқұмның қанындағы алкоголь мөлшері көлік жүргізушілері үшін рұқсат етілген деңгейден шамамен үш есе жоғары болған. Сондай-ақ қанынан гамма-гидроксибутират (GHB), каннабис және Xanax препараттарының іздері анықталған.
Сот-медициналық сараптамасы кезінде марқұмнан ешқандай созылмалы ауру анықтамады. Мамандардың қорытындысына сәйкес, алкоголь мен есірткі заттарының өзара әсерінен жүрек тоқтап қалған.
Белгілі болғандай, қайтыс болардан үш ай бұрын ханзада Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдаған. Мәліметке сәйкес, ол есірткі мен алкогольге тәуелділігінен арылу үшін ем алып жүрген.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз