AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұны АҚШ таратып отыр": Қытай Ресейге көмек көрсету туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Ресейдің Украинада арнайы операция жүргізуге әскери көмек сұрады деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Саясаткер соңғы кездері АҚШ-тың Украина мәселесіне қатысты Қытайдың ұстанымына қатысты жалған ақпаратты белсенді түрде тарата бастағанын атап өтті.

"Америкалық тарап таратқан тиісті хабарламалар жалған ақпарат", – деді Қытай cыртқы істер министрлігінің өкілі.

Лицзянь Қытайдың тараптар арасындағы бейбіт келіссөздер мен Украинадағы шиеленісті азайтуды жақтайтынын атап өтті.

"Біз жағдайдың одан әрі шиеленісуіне емес, дипломатиялық реттеуге ықпал етуіміз керек", – деп қосты Чжао Лицзянь.

Бір күн бұрын Financial Times, The New York Times және The Washington Post газеттері аты-жөнін атамаған АҚШ үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей билігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне қолдау көрсету және экономикалық дағдарыстың салдарларына қарсы тұру үшін Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрағанын хабарлады. 

Америкалық басылымдардағы дереккөздер Мәскеу Украинамен соғыс басталғаннан бері Бейжіңнен әскери техника мен басқа да көмек сұрап келеді деп мәлімдеген.

FT мәліметінше, соғыстың үшінші аптасының ортасына таман Ресейде қарудың кейбір түрлері таусылады деген болжам бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр