Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл жерде Дубай болуы тиіс еді": Заңгер Түркістанда құрылысына бюджеттен 9 млрд теңге жұмсалған жағажайдың қорқынышты суреттерін көрсетті

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов Түркістан қаласындағы 9 млрд теңгеге салынған жағажайдың суреттерін көрсетті. Заңгер құрылысына қыруар қаржы жұмсалған орынға туристер тұрмақ қала тұрғындарының өздері де келмейтінін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туркестан жагажай

Парақшасына жағажайдың қазіргі кейпі көрінген суреттерді жарияланған заңгер бұл жердің “қараусыз қалған су қоймасы” емес, Түркістандағы туризм саласын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі кешен екенін атап өтеді.

“Қалай дегенмен де құжаттарда солай жазылған. Оның мақсаты – жергілікті және шетелдік азаматтардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды одан әрі дамытуға инвесторларды тарту, бұл бюджетке салық түсімдерін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Түркістан экономикасының дамуына жалпы оң әсер ету тиіс еді. Өте әдемі сөздер үлкен кэшті (қаражат – ред.) қажет етеді. Ал Түркістан облысында бұл жақсылық (қаржы жайлы айтып отыр – ред.) жеткілікті”, – деп жазды заңгер.

Смағұловтың сөзінше, 2020-21 жылы су асты каналын салуға, жасанды көлді тереңдетуге және жағалауды қорғауға, 1 көзден 1 815 699 000 теңге жұмсалған. 2022 жылдың қараша айында абаттандыру үшін: пирстер, көпірлер, модульдік ғимараттардың құрылысы – душ кабиналары, ванна бөлмелері, билет кассалары, жалға беру пункттерін салу үшін тағы 7 030 120 956 теңге берілген.



Заңгер жағажайға бөлінген қаражаттың тым көп екенін және ол бұрын-соңды мұндайды кездестірмегенін баса айтқан.

“Жағажайдың өзіне ешкім бармайды: жағасы жүзуге жарамайды, өйткені онда балшыққа белшеңізден батып кетуіңіз мүмкін. Жағажайдың аяқ жағында орындықтар, жарықтандыру бағаналары (жарық шамдары жоқ) және ағаштарды айтпағанда, тіпті брусчаткаларды да төсемеген. Миллиардтаған көгалдандыру кезінде бұтақтарды құрғақ жерге кіргізіп қоя салған, ал жоба суармалы сумен қамтамасыз етуді де қарастырады. Мұнымен қоймай “қиялилар” үйеңкі ағаштарының көлеңкесінде саябаққа келушілерге жақсы әсер ететін әткеншектер, су ішетін субұрқақтар, орындықтар мен гүлзарлар бар екенін атап өткен”, – дейді ол.

Алайда заңгер қу таяқтың қандай көлеңке түсіретінін түсіне алмаған.

Смағұлов сорғы станциясы аяқталмай, резеңкемен қапталып қойғанына да назар аударады. 

“9 млрд теңге – шамамен 20 млн доллар. Бұл жерде Дубай болуы тиіс еді. Басқа айтарға сөзім жоқ”, – дейді ол.

Смағұлов бұл мәселені сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тексеруі тиіс екенін айтады.

Талқылау