Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл сирек кездесетін жайт". Рыбакина Майамидегі жартылай финалда бол-бойдың қолшатыр ұстап тұруынан бас тартты

Майамиде (Флорида, АҚШ) бірінші сеттен кейін қазақстандық Елена Рыбакина мен Америкалық Джессика Пегула арасындағы WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалдық матчы жаңбырдан соң тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жолы Пегула бірден брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Елена таразы басын теңестірді – 2:2. Бірақ америкалық теннисші қайта алға кетті – 4:2. Ол сетке доп бергенде, есеп қайта теңесті – 5:5. Рыбакина сол бойда өз геймін беріп қойғанымен, қайыра брейк жасады – 6:6. Тай-брейкте есеп 2:2 болған мезетте жаңбыр жауып кетті. Үзілістен кейін тай-брейкте Елена сәттірек ойнады – 7:6 (7:3). Бұдан соң жаңбырға байланысты матч кейінге қалдырылды.

Осылайша бірінші сеттен кейін бірден үзіліс жарияланды. Осы сәтте желі қолданушылары Елена Рыбакинаның қарапайымдылығына назар аударды. Жауын-шашынға қарамастан, жұлдызды теннисші үзілістердің бірінде бол-бойдың қолшатырды ұстап тұруынан бас тартты. Спортшы өзінің қарапайымдылығын көрсетіп, қолшатырды өзі ұстап отырды. 

Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы бұл қызметтен бас тартпады.

applewin

"Менің Рыбакинаны қолдайтын себептерімнің бірі, оның сұлулығы мен зор талантынан басқа, кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы. Ол бол-бойдың орнына қолшатырды өз бетінше ұстауды жөн көрді. Бұл теннисте өте сирек кездеседі", - деді қазақстандықтың шетелдік жанкүйерлері әлеуметтік желіде. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің жартылай финалындағы қарсыласын ұта ала ма, соны жазған болатынбыз.

 

Талқылау