AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл сел емес": Төтенше жағдайлар министрлігі Шарындағы оқиғаны түсіндірді

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржан Шарын шатқалында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыздықовтың сөзінше, Шарын шатқалы қауіпті аймаққа жатпайды. Сонымен қатар, Шарында сел емес, балшық көшкіні болған. 

“Шарын шатқалы сел қаупі бар аймаққа жатпайды. Ол аймақта төтенше жағдайлар қызметі жоқ. Осы уақыт аралығында Қазгидрометтен ТЖД-ға ешқандай сел туралы ескерту келген жоқ. Бұл сел емес. Жаңбырдың кесірінен балшық ағыны болды. Су араласқан балшық ағыны шатқалдың төменгі жағынан аққан. Бізде таулы аймақтың барлық жерінде желі істей бермейді. Туристерді сақтандыру заңнамасы бойынша, туристік агенттік алдын ала ескерту жасауы керек еді”, – дейді Сыздықов. 



Еске салсақ, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріп, салдарынан екі адам қайтыс болып, алтауы жарақат алды. 

Желіде оқушылар тобы сел өткен Шарын шатқалына экскурсияға барғаны туралы ақпарат таралған еді. Әлеуметтік желілерде сел кезінде зардап шеккендердің фотолары пайда болды.

Артынша Шарын шатқалында №199 Алматы гимназиясының мұғалімі мен оқушысы көз жұмғаны хабарланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр