Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – нағыз сатқындық": Путин Ресейдегі қарулы төңкеріске қатысты үндеу жасады

Ресей президенті Владимир Путин бейнеүндеу жасап, елдегі қарулы төңкеріс туралы айтты. Сондай-ақ төңкеріске қатысқан әскерилердің барлығын "сатқын" деп атады. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Путин "Вагнер" жеке әскери компаниясы құрамындағы сарбаздарға және мемлекеттің қарулы күштеріне үндеу жасады. 

"Бұл – халқымыздың тағдырын шешетін шайқас. Сондықтан барлық күштің бірігуін, жауапкершілікті қажет етеді. Бізді әлсірететін барлық дүниені, іштегі жауымыз өзімізге қарсы қолдануы мүмкін алауыздықты ысырып қою керек", – деді ол. 

Сондай-ақ ел президенті әскерилерге қарсы шыққандардың әрекетін "мемлекеттің ту сыртынан пышақ ұру" деп бағалады. 

"Халқымызды, мемлекетті кез келген қауіптен, оның ішінде іштегі сатқындардан қорғайық. Бұл – нағыз сатқындық. Жеке адамдардың қызығушылықтары сатқындыққа алып келді, елге және халқына деген сатқындыққа, сонымен қатар "Вагнер" сарбаздары мен қолбасшылары көз жұмған ортақ мақсатқа деген сатқындық", – деп қосты. 

Сөз соңында Путин төңкерісті қолдаған барлық азаматтың жазаға тартылатынын мәлімдеді. 

"Ресей әскері қарулы төңкерісті ұйымдастырғандардың көзін жою туралы бұйрық алды", – деді ол.

Еске салайық, “Вагнер” жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерилерге соққы жасағанын мәлімдеген еді. Кейін Пригожин Ресейде “әділдік маршын” өткізетінін хабарлады. 

“Вагнер” жетекшісінің мәлімдемесінен кейін Ресей билігі әскери төңкеріс дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал БАҚ беттерінде “Вагнер” әскерінің Ростов аймағында байқалғанын жазды. 

Көп ұзамай Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды. Қала мэрі Сергей Собянин жолдарда қосымша бақылау енгізіліп, жаппай іс-шараларға шектеу енгізілетінін хабарлады. 

Талқылау