Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл да енді жүн беттердің арнасы: Айгүл Орынбек Тазабеков жайлы

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабекке тағы қарсы шықты. Оның басшылығындағы арнаның қызметіне шүйлікті. Енді Тазабеков ұлттық арнада уағыз айтатын болды деп ашулы. 

Қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфирінен жүргізіп отырған уағызына қарсы шықты. Оны тыңдап өскен ұрпаққа кері әсер етеді деп санайды. 

«Асыл арна» арқылы үйрете алмаған, тәлім тәрбиені Ұлттық арнадан үйретейін деді ме? Ұлттың арнасы, діни фанаттардың арнасы ма? Қарттарды ұрып, теуіп, приказ орындауға үйрете ме енді?

Ұлтқа тәлім-тәрбиені, батыр атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апамыз тұрғанда, Мұхамеджан Тазабекке жол қайда? Тазабектің де ұяты жоқ екен, Зейнеп апамыз тұрғанда, алдына шығып тәлім-тәрбие бергенім жарамас! «Мен де кеше ғана сақалым тіземе тиіп адасып, қарттарды ұруға шақырып жүрген адам едім» -деп бас тартуға болар еді! «Жоқ, кесетін жерімді кесіп ал!» деп, беті быттыйып Ұлттық арнадан бірақ шығыпты!",- деп жазды Айгүл Орынбек парақшасында. 

Бұған желідегі оқырмандардың бірі қосылса, бірі қарсы пікір жазды.

"Бұрын бояушы бояушы деген сайын сақалын бояпты деген екен бір ағамыз. Сізде тиісерге қара таппай, бүгін не қызық болады, қай тақырыпқа пост жазсам атым қалай мәшхүр болады деп жүрген жандардың қатарында екенсіз!".

"Қазақ әйелі төсектен тұра алмай ғаріп боп қалмаса, аяғын ұстатпайды, ал сақал текеде де бар", "Приказ деп сүйегі қаусаған қарияларды тепкілесек, ұрпаққа қандай тәлім береміз? Қазір көшеде агрессиясы бетіне шапшып тұратын жастарды көргенде ата-анасына сабыр берсін деп тілеймін".

"Бұрын атам барда, сақалды адамдарға аса ерекше құрметпен қарайтын едім. Олар маған имандылықтың, даналықтың, сабырлықтың, ақылдылықтың символы ретінде көрінетін. Ал қазіргі сақалдыларға қарасам, көзіме отар қойдың алдына түсіп алып, лағып жүре беретін селдір сақал текелер елестейді", деп жазды желідегілер. 

Талқылау