"Бұл – бастамасы": Жігер Ауыпбаев әкесіне ерекше сыйлық жасады
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әкесінің туған күніне орай оған салоннан көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/jiger_auypbaev_official/
Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, әкесіне жылы лебізін білдірді.
“Әке, туған күніңіз құтты болсын! Кішігірім сыйлығымды қабыл алыңыз. Бұл бастамасы ғой. Үлкен көлік, үлкен сыйлықтар бұйырса алда болады", – деп жазды әнші.
Эстрада жұлдызының желіге жүктеген видеосынан әкесін көлік салонына әкеліп, су жаңа машинаның кілтін табыстағанын көруге болады.
-
Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобынан кеткен соң немен айналысқанын жасырмай айтты
-
"Күрек лақтырмадың ба?": Әнші Жігер Ауыпбаевты қолдап, видео түсірген Бағлан Әбдірайымов сынға қалды
Желі қолданушылары сүйікті әншісінің әкесіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Жарайсың, досым!”, “Ұл болса, сендей-ақ болсын!”, "Туған күні құтты болсын", "Әкеңіз жүз жасасын", "Анаң мен әкең сендердің қызықтарыңды көрсін", "Жұғысты болсын", – деп жазды желідегілер.
Еске салайық, бұған дейін өнер иесі бала күнінде сырқаттанып қалғанын айтып, ата-анасын емдету үшін үйін сатқанын айтып берген еді.
“Ауруханада жата бергесін үйді қатты сағындым. Дәрігерлер "Ертең шығасың" десе, "Бүгін шыға берсем бола ма?" деймін. "Ата-анаңа ескертіп қойдың ба?" дейді. Мен "Иә" дей саламын. Дәрігерді сендіргеніме қуанып, әрі үйге баратыныма шыдамсызданып, үстімдегі жұқа киіммен үйге жүгіріп кеттім. Ауруханадан түрмеден қашқандай қаштым. Есікті қағып, "ана-әке" деп кіріп келсем, басқа адамдар тұрып жатыр. Жүгіріп әжемнің үйіне барамын. Сөйтсем, менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберіпті. Содан бастап "Мен үшін үйді сатты. Енді ата-анама үй әперем" деген жігер пайда болды", – деген еді әнші.