"Бұл әлемнен безіп кеттік": Танымал жұлдызды жұп ұзақ уақыттан кейін сәбилі болатынын хабарлады
Гитарист Ақсұңқар мен әнші Арайлым Әбілсейіт отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Танымал жұлдызды жұп отау құрғандарына 2,5 жыл толған соң, сәбилі болатындарын хабарлады. Арайлым осы уақытқа дейін басын тауға да, тасқа да соққанын айтып, қандай сынақтан өткенін баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Шынайы бақыт кешігіп келеді!" Екі ғашық бір-бірін сүйіп қосылғанымызбен, Алланың маңдайға жазған тағдыры бізді өз арнасынан оңға да солға бұрып, небір ауыртпалықтарды сездірді. Қол ұстасып, ақ адал некемізді сақтап қалу үшін бір-бірімізге үлкен сенім мен төзім керек болды.
Бірінші АЛЛА, одан соң халықтың ыстық ықыласымен көтеріліп, Сіздердің қошеметтеріңіз бен бізге деген махаббаттарыңыздың арқасында Ақсұңқар мен Арайлым тұлға ретінде қалыптасты. Ортамызда сыйлы болып: үйімізді, материалдық қажеттіліктерімізді ерекше махаббатпен қол ұстасып әрбір бөлігін мейіріммен қаладық... Жас болған соң арасында сүрініп те жаттық.
Бірақ біз жас отбасы болған соң негізгі бақыт онда емес еді. Алдарыңызда күліп жүргенімізбен, ішімізде мұң еді. Сәби көрсек, жанарымыз жасқа толып, жүрегіміз қан жылайтын. Үмітіміз тек Алланың тарапынан болды! Дәрігерлер ананы айтты, мынаны айтты. Емделмедік те. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады деген ұстаныммен тек Алладан сұрай бердік, сұрай бердік! Дұғада болдық! Қалауымыз жауапсыз қайтпады!
Алла өз пенделерінің сұрауын жауапсыз қалдырмай, құрсағымызға бала бітірді!
Алла ұлық! Ол шексіз мейірімді! Үйленгенімізге 2.5 жылға жуық уақыт болды! Осы уақытқа дейінгі басымызға берілген әрбір сынақ бізге берілген үлкен сабақ болды. Неге дейсіз бе? Сол арқылы Ақсұңқар мен Арайлымның босағасы бекіп, шаңырағы қаланып, небір дауылдарға төтеп бере алатын жанұя болды! Бұл арқылы біз бір-біріміздің, отбасының қадірін түсіндік! Қаншама адам небір сөздер айтса да сынбай, Алладан ғана қол жайып сұрап, бір-бірімізге демеу бола білдік! Біз асыққанымызбен, Алла асықпайды!" – деп бөлісті Арайлым желі парақшасында.