"Бұл - оның өз ойы": Иманбек Роза Рымбаеваның сөздеріне жауап берді
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов әнші Роза Рымбаеваның оның шығармашылығы жайлы айтқандарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram желісінде тікелей эфирде айтты. Иманбекке жүргізуші "Роза Рымбаеваның сен туралы ойына қатыс не айта аласың?" деген сұрақ қояды.
"Біріншіден, ол кісіге ересек адам ретінде қараймын. Олар біздің алдымыздағы ұрпақ қой. Тіпті не айтарымды білмеймін. Мен оның айтқан сөздерін сынағым келмейді. Мен онымен пікірталасқа түскім келмейді, бұл оның өз ойы. Мен Роза Рымбаеваның айтқандарын естідім, өзіме ой түйдім", – деді Иманбек.
Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаева Иманбектің "Grammy" байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді.
"Грэмми" сыйлығын алған қазақстандық диджей Иманбек туралы айта келе, Халық әртісі: "Ал қазір қайда ол? Ары қарай не болады?" деді.
"Біріншіден, бұл жай ғана сәттілік. Дәл уақытында қажетті жерде, дұрыс уақытта сағатта болу. Оның жолы болды. Ол кәсіби музыкант емес. Бұл қарапайым сәттілік. Жай ырғақты, стильді өзгерткен, мұның бәрі компьютерде жасалады. Әнді remix ретінде бағалады, автор, орындаушы, аранжировка жасаушы ретінде емес. Жылдамдықты арттырғанда, бала айтып жатқандай ырғағы өзгереді", – деді Рымбаева.