"Бұл – арандатушылық": Тоқаев Еуропа елдеріндегі Құран өртеу акцияларына қатысты пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде Құранды өртеу фактілеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Құран өртеу акциялары қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіріп, ұлт пен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған.
“Бұл – мемлекеттер мен халықтар арасында рұқсат етілмеген арандатулар. Діни вандализм мен кей мемлекеттердің азаматтары тарапынан жасалған әрекеттер жалпыға бірдей танылған нормаларға қайшы келеді. Мұндай акциялар бірауыздан айыпталуы тиіс”, – деді ол.
Ол БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасауы керек деп санайды.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде