Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Бурабайда ер адам төрт әйелді пышақтап, қанды қылмысын мойындап полицияға өзі барған. Қазір ол тергеу изоляторына жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

Пышақ

"Жедел тергеу тобы келген соң аталған пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды. Полиция қызметкерлері Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады", - деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Полиция қызметкерлері қылмыс орнын мұқият тексерді. Пәтерде алкоголь бөтелкелері табылған. Барлық жер қанға боялған. Әйелдердің денелері әртүрлі бөлмелерде болыпты.

Қылмыскер қолынан қаза тапқандар: зейнеткер, оның қызы және олардың екі досы екені белгілі болды. Қылмыскердің пәтерге қалай кіргенін тергеушілер айтпай отыр. Сондай-ақ, қатыгез қылмыскердің не үшін мұндай қадамға барғаны жайлы да тіс жарып ештеңе айтпады.

Айта кететіні, күдікті бұған дейін де істі болған екен. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталыпты. Кісі өлтіргені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Ақмола облысында пәтерден төрт әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау