Бурабайда шомылып жүрген балаларды толқын көлдің ортасына алып кеткен
Ақмола облысының Кіші Шабақты көлінде екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, үрлемелі бассейнде болған 7,5 жасар екі баланы толқын көлдің ортасына алып кеткен. Желдің қатты болғанына қарамастан балалар құтқарушылар келгенше бассейнге жармасып, ұстап тұрған.
"Сағат 18:53 шамасында Бурабай ауданының Кіші Шабақты көлінде кәмелет жасына толмаған екі баланы толқын жағадан алып кеткені туралы хабар түсті. Айтылған жерге мобильді құтқару бекетінің құтқарушылары Ерлан Жапаров пен Ерсін Нұрақай жетті. Құтқарушылар 2012 және 2015 жылғы баланы қайыққа отырғызып, жағаға алып шығып ата-анасына тапсырды", - дейді құтқару жасағының бас құтқарушысы Еркін Төлепбергенов.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар