"Бүкіл ауылды тойдырасың ба?": Тойға барған әйелдер тамақ үшін төбелесіп қалды
Индонезияда үйлену тойына қонақ болып барған әйелдер тамақ үшін төбелесіп қалды. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеода әйелдердің швед дастарханына жақындағаны көрінеді. Жасыл киім киген әйел өзіне ренданг алған. Бұл кокос сүтінен жасалған ащы әрі татымды соус қосылған ұлттық тағам. Алайда оның жанында тұрған қызыл киімді әйелге ол өзіне көп тамақ салып алғандай болып көрінген.
«Әдеп, ұяттан жұрдай екенсің! Бұл тамақпен бүкіл ауылды тойдырайын деп пе едің?» - деп ұрысты әйел жасыл көйлек киген қонаққа.
Өз кезегінде екінші әйел қалаған нәрсесін жасай алатынын айтып, оны «кезек сақтамадың» деп айыптады.
Осы кезде қызыл көйлек киген әйел одан тамақ салынған тәрелкені тартып алмақ болады. Мұнан кейін олар бір-бірін итеріп, ұрғылай бастады.
Әйелдердің төбелесін көрген той қонақтары оларға араша түсіп, ажыратып алды.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”