Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірқатар кәсіпорын жұмысына қайта кіріседі
20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кейбір кәсіпорындар жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

15 сәуірде президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын қайта бастаған кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесін бекітті.
Нұр-Сұлтанда:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
- автосалондар, ТҚС, автожуғыштар, шиномонтаждау сервисі, автоқосалқы бөлшектер, химиялық тазалау дүкендері, кеңсе техникаларын жөндеу;
- екінші деңгейдегі банктер 9:00-ден 16:00-ге дейін, штат санының 50 процентін қысқарту арқылы, алдын ала жазылу бойынша нотариустар;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы, тек жеткізу қызметімен ғана сағат 22.00-ге дейін жалғасады.
Алматыда:
- өнеркәсіп кәсіпорындары;
- құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
- алдын ала жазылу бойынша нотариустар;
- ХҚКО-ның бір бөлімі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1) тек қана бизнеске қызмет көрсету үшін.
Айта кетейік, қызметкерлердің нақты саны, жұмыс уақыты және жеткізу қызметі бар кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты тізімін қалалардың жедел штабы анықтады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"