Қазақстанның жаңа премьер-министрі қашан тағайындалатыны белгілі болды
6 ақпанда сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bort_01 Telegram-арнасынан
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.
Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойғанын айта кетейік.
Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Ол бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Ал үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар