Британияда отызға жуық шенеунік отставкаға кеткендерін мәлімдеді
Британияда отызға жуық шенеунік өз орындарын босататындарын мәлімдеді. Отставкаға кеткендер қатарында экология және әділет министрлері де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Британия парламентінде сөз сөйлеген премьер-министр Борис Джонсон оппозицияда жұмыс жоспары жоқ екенін және үкімет жанжалға көңіл аудармай, әрі қарай жұмыс істейтінін мәлімдеді.
"Елге экономикалық қысым жасалғанда, Еуропада соңғы 80 жылдағы ең үлкен соғыс жүріп жатқанда, дәл осындай кезеңде үкімет кетпей, жұмысын жалғастырады деп күту керек. Британия халқы үшін маңызды дүниеге зейін қою керек", – деді премьер-министр.
Британияда алымсақтыққа қатысты тергеуде күдікке ілінген азаматтың Консервативті партияда тағайындалуына қатысты туындаған жанжал аясында Борис Джонсоннан отставкаға кетуін талап еткен.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген