"Бриллиант көзі бар": Бибігүл Төлегенова әріптесі Мақпал Жүнісоваға білезік тақты
КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова өнердегі сіңлісі Мақпал Жүнісоваға алтын білезігін тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі отырыста Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін шешіп берген.
“Менің жасымды берсін! Сен тағып жүр. Саған келеді”, – деп айтты Бибігүл Төлегенова.
“Міне, көрдіңіздер ғой, қолындағы алтын бриллиант білезігін маған тақты. Ел аналары деп осындай кісілерді айту керек. Көп рақмет, сізге! Басымды иемін”, – деп алғысын білдірді халық әртісі.
-
Тоқаев Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов және Бибігүл Төлегеноваға стипендия тағайындады
-
"Өмірімнен сызып тастадым": Бибігүл Төлегенова отбасылық өмірде бағы жанбағанын айтты
Желі қолданушылары қос өнерпаздың сыйластығына риза болып, ақ тілектерін жаудырып жатыр.
“Қандай құрмет көрсетті, керемет!”, “Мақпал апай қандай сыйға болса да, лайық”, “Бір-бірін күндемей, осылай сыйласып жүргенге не жетсін?!”, “Бриллиант білезікті шешіп бере салды ма?!”, “Бас иіп, құрмет көрсеткені әсерлі болды”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Бибігүл Төлегенова Нұрсұлтан Назарбаев берген сыйлығын көрсеткен еді.
@uiat.emes ♬ оригинальный звук - Uyat_emes