Бразилияда бүкіл бір қала жер астына опырылып түсіп жатыр (видео)
Бразилияның солтүстік-шығысындағы Мараньян штатындағы Буритикупу қаласы жаймен жер астына опырылып түсіп жатыр. Орны шұңқырға айналған қаланың жергілікті билігі жағдайға қатысты төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газету.Ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан
Қалада 55 мыңға жуық адам тұрады. Қазіргі уақытта 1200-ге жуық адамға үйлерін жоғалту қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде бірнеше ғимарат қирап қалды.
"Соңғы бірнеше айда опырылған жердің мөлшері өсіп, тұрғын үйлерге айтарлықтай жақындады", - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Топырақтың шөгуі жаңбырдың топырақтың эрозиясына әсерінен , сондай - ақ нашар жоспарланған құрылыс жұмыстары мен ормандардың кесілуіне байланысты болып отыр. Буритикупу тұрғындары мұндай мәселемен 30 жыл бойы күресіп келеді.
Buriticupu, a city in Brazil's Amazon, has declared a state of emergency as massive sinkholes threaten homes. Several buildings are destroyed, and 1,200 people face displacement.pic.twitter.com/VLdqPglsVj
— Volcaholic 🌋 (@volcaholic1) February 22, 2025
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге