Бразилия қалаларын торнадо соғып, 5 адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин
Бразилияның Парана штатындағы Риу-Бонито-ду-Игуасу қаласында торнадо болып, аумақты қиратып кетті. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 130 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN Brasil басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Штаттың Азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, торнадо салдарынан 5 адам қаза тауып, 130 адам жарақат алды.
Желдің жылдамдығы сағатына 180-нен 250 шақырымға дейін жетті. Ал қаланың кейбір бөліктерінде желдің жылдамдығы бұл көрсеткіштен асып кеткен болуы мүмкін дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың шығысында торнадо салдарынан 5 адам қаза тауып, 88 адам жарақаттанған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген